Алматы облысының 2 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2 миллионыншы сəби дүниеге келді. Жас отбасыны өңір басшысы Амандық Баталов арнайы барып құттықтап, екі бөлмелі пəтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.