Израильдіктер Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына хирургиялық корпус салып береді
![Израильдіктер Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына хирургиялық корпус салып береді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170315124845.jpg)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Израиль инвесторлары Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына хирургиялық корпус салып береді. Бұл туралы Ақтөбеде Қазақстан-Израиль бизнес форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.