«Нұрбанк» банкоматтарына қатысты мәселені түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрбанктің» банкоматтары мен pos-терминалдары төлем картасымен қызмет көрсету сапасын және қауіпсіздікті арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты істен шықты. Бұл туралы банктің баспасөз хатшысы Айгүл Қасенова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.