Премьер-Министр: ЕАЭО аясында кедергілер мен шектеулерді жоюға бағытталған Жол картасы әзірленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО аясында кедергілер мен шектеулерді жоюға бағытталған Жол картасы әзірленеді. Бүгін Бішкекте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйлеген сөзінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pm.kz сайтына сілтеме жасап.