Үкімет басшысы: Қытайдан Қырғызстанға автокөлікпен тауар тасу былтыр 9,5 есеге өскен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдан Қырғызстанға автокөлікпен транзиттік тауар тасу былтыр 9,5 есеге өскен. Бүгін Бішкекте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйлеген сөзінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pm.kz сайтына сілтеме жасап.