Қазақстан Парламентінің делегациясы ЕҚЫҰ Парламентік ассамблеясының сессиясына қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 23-24 ақпанда Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Икрам Адырбеков бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Венада Қысқы сессиясына қатысты. Делегация құрамында сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Мұхтар Алтынбаев, Михаил Бортник, Ләззат Қиынов, Дулат Құсдәулетов және Парламент Мәжілісінің депутаты Құралай Қаракен бар.