Қазақстанның үш кәсіби бокшысы Сергей Ковалевпен бірге жаттығып жүр
![Қазақстанның үш кәсіби бокшысы Сергей Ковалевпен бірге жаттығып жүр](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170226174241.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби бокста Казақстанның намысын қорғап жүрген Мадияр Әшкеев (7-0, 3КО), Мейірім Нұрсұлтанов (1-0) пен Асхат Уәлиханов (1-1, 1КО) Лос-Анджелес қаласында жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпион, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен (30-1-1, 26KO) бірге жаттығып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіби боксы» тобына сілтеме жасап.