Зимбабве президенті 93 жылдығын тойлауға екі миллион еуро жаратты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабве президенті Роберт Мугабе өзінің 93 жылдығын тойлауға арналған салтанатқа қатысты. Бұл шара елдің үлкендігі жағынан екінші қаласы - Булавайодан 40 шақырым жерде орналасқан ұлттық Матобо саябағында болды, деп хабарлайды Cameroon Concord.