Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі пантеонға қатысты дінтанушының сынына жауап берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының ұлттық пантеонға қатысты пікірі қызу талқылануда. Ақпаратта діни қарым-қатынас туралы сөз қозғалғандықтан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті өз ұстанымын білдірді.