Қазақстандық Mgov халықаралық The World Government Summit сыйлығымен марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Дубайда өтіп жатқан The World Government Summit халықаралық үкіметтік саммитінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бастаған қазақстандық делегация «Egov mgov» мобильді қосымшасын енгізгені үшін халықаралық «First World Govtechineers Race-2017» сыйлығымен марапатталды. Министр Дәурен Абаевқа аталған награданы Дубай әмірі, БАӘ Премьер-министрі әрі вице-президенті шейх Мохаммед ибн Рашид Әл Мактум табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.