2017 жылы бюджет кірісі 500 млрд теңгеге артық болады деп күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі 2017 жылы бюджет кірісі 500 млрд теңгеге артығымен орындалады деп күтуде. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды таныстыру кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.