Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге қиындық туғызған 18 түрлі кедергі жойылды
![Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге қиындық туғызған 18 түрлі кедергі жойылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170203175029.jpg)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында прокуратура тарапынан қолданылған шаралардың нәтижесінде екі жыл бұрын өтініштерін тапсырған кәсіпкерлер субсидия алуға қол жеткізді. 19 азамат кәсібін жүргізуге 1 млрд теңге көлемінде қаржы алған. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінде айтылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.