Мәжіліс депутаттары Ақтөбеде болашақ медицина мамандарымен кездесті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаттары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің 200-ге жуық студентіне Елбасының халыққа Жолдауын түсіндірді. Медицина саласында болатын реформалар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.