«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы сатып алуларының тиімділігі тексеріледі - Есеп комитеті
![«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы сатып алуларының тиімділігі тексеріледі - Есеп комитеті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170202181057.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ына қарасты компаниялар тобының сатып алу шараларының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Есеп комитетінің отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген аталған органның мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.