ЖОО неліктен шағын қалаларда салынбайды?
Қазақстандық студенттер жоғары білім алу үшін көбіне басқа қалаларға көшуге мәжбүр болады. Бұл біреулер үшін – үлкен мүмкіндік болса, кейбіреулерге таусылмас қиындықтар әкеледі. Студенттер үшін күрделі проблемалар - жол жүру, тұратын жер және азық-түліктің қымбаттылығы. Алайда ЖОО неге тек ірі қалаларда ғана салынады? Мұның себебі не?