Батыс Қазақстанда 33 қолайсыз отбасы анықталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың және оларға қатысты тұрмыстық күш қолданудың алдын алу мақсатында облыс аумағында жүргізілген «Қолайсыз отбасы» жедел алдын алу шаралары барысында 33 осындай отбасы анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.