Нұрлан Ноғаев балықты шетелге өңдеп сатудың маңызын түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев балықты шетелге өңдеп сатудың маңызын түсіндірді. Бұл туралы ол бүгін 1 ақпанда Құрманғазы ауданында өткен көшпелі кеңесте айтты. Жиынға Атырау облысындағы балық шаруашылығы саласының дамуына қатысты мемлекеттік қызметкерлер қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.