Қазақ тілін үйренгісі келетін қытайлықтардың легі қалың
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай студенттерінің көпшілігі қазақ тілін үйренгісі келеді. Бұл туралы бүгін «Ұлы Жібек жолында бірге» байқауының жеңімпаздарын марапаттау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.