БҰҰ Астанада өтетін Сирия келіссөздеріне шақырту алуға үміттенеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффана де Мистурдың кеңсесінде Астанадағы келіссөздерге шақырту алуға үміттенетінін мәлім етті. Олардың айтуынша, БҰҰ ҚК резолюция туралы ұсынысында 23 қаңтар күні Астанада БҰҰ-ның қатысуымен келіссөз болатыны ескертілген. Осы күнді Түркия СІМ-інің басшысы атап өткен, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.