Ақпараттық технологияларды өндірістік оқыту сабағында пайдалана отырып, білім алушылардың қызығушылығын арттыру
І. Кіріспе
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ.
ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі бүгінгі талаптар жас ұрпақтың әрқайсысының жеке шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді.Себебі әр жас жеткіншектің білікті азамат болып қалыптасыуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де жауапты сала ол білім беру жүйесі. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім беруді тұрақты дамытудың басты шарты екендігі әрқайсысымызға міндеттеледі.
Компьютерлік технологияны қолдану оқытуға арналған программалық жабдықтарды (электрондық оқулықтар, тест тапсырмалары т.б.) сабақта тиімді қолдану пән мұғалімдерінің мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік шеберлігін қажет етеді. Өз тәжірибемде білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыруда мүмкіндігімше компьютерді пайдаланамын.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – өндірістік сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым - әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.
Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда.
Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мені өндірістік сабаққа байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады.
Қазіргі таңда білім алушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, ұстаздар жан-жақты қаруланған болуымыз керек.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.