ҚР СІМ: Түркия ШЫҰ-ға мүше болуға ресми өтінім берген жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуға ресми өтінім берген жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.