АУА РАЙЫ: Сейсенбіде солтүстік өңірлерде қар жауып, боран соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, айтарлықтай қар жауып, тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.