Футбол маусымының кезекті тартыстары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда ел ішіндегі біріншілік аяқталса да, футбол ойынын сүйіп көретіндер үшін ала доп думаны кәрі құрлықта қызып жатыр. Атап айтқанда, қазақстандық спорт жанкүйерлері әлемдік жұлдызды клубтардың да ойындарын телеарнадан тікелей көру мүмкіндігіне ие болып отыр. Әсіресе, «Қазспорт» телеарнасы әрбір сенбі-жексенбі күндері футболдан өтетін тартысты кездесулерді көрсетіп, көрермендерін қуантып келеді. Доп тепкен шеберлердің өнеріне тәнті болатындардың назары қызықты матчтарға ауысқан еді. Шетелдік лигалардың ең маңызды матчтарына шолу жасасақ.