Қазақстан жұмыссыздық деңгейінің артуына жол бермеуге әрекет етуде
АСТАНА. ҚаАқпарат - «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылған уақыттан бері, яғни 2011 жылдан 2016 жыл аралығында мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді. Оның ішінде 563 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Осы жылдың 9 айында бағдарламаға 146 мыңнан астам адам тартылған екен.