Қақпашы доп тиіп, жарақат алған шағалаға көмектесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мельбурн Сити» мен «Сидней» ФК арасындағы футболдан Австралия кубогының финалдық матчында алаңға бірнеше шағала ұшып келіп, біреуіне доптың соққысы тиген. Сидней командасының қақпашысы Дэнни Вукович құсты алаңның сыртына алып шықты, деп хабарлайды The Sydney Morning Herald.