Елордада қайырымдылық шарасы кезінде жалғызбасты анаға көмек көрсетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге арналған «Астана - мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акция аясында қала әкімдігінің қызметкерлері, әкімнің орынбасарлары, басқармалардың басшылары, Астана әкімі Әсет Исекешев көмекке мұқтаж қала тұрғындарына қол ұшын созуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.