Дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде дүйсенбі күні күн ашық болады. Тек елдің оңтүстігінде ғана тұрақсыз ауа райы сақталып, қар жауады, кей жерлерге қар қалың түседі. Көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасындатады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.