Қазақстанда АИТВ инфекциясының алдын алу айлығы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін еліміздің барлық өңірлерінде Халықаралық ЖИТС-пен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) күрес бүкіләлемдік күніне орайластырылған АИТВ (адамның иммунды тапшылық вирусы) инфекциясының алдын алу бойынша жыл сайынғы айлық өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.