Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, тұман және бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады. Сондай-ақ көктайғақ болады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте қар жаумайды. Дегенмен, мұнда тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.