Жамбыл облысында ағымдағы жылы 45 улы газбен улану жағдайы тіркелген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Мақсат Әкімбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда улы газбен улануды болдырмау үшін пештерді қадағалау мәселесі қозғалды.