Жас жеткіншектерге кері әсер ететін көріністерді насихаттайтын БАҚ-қа заңмен шектеу қою керек - Кенжеболат Жолдыбай
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде қоғамда «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы кеңінен талқылануда. Тұжырымдаманың дұрыстығын айтып, оң пікір берушілердің де легі қалың, ұсыныстары да баршылық. Мәселен, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай жобаның дер уақытта қолға алынғанын айтумен қатар жас жеткіншектердің сана-сезімдеріне кері әсер ететін айуандық көріністерді ашық насихаттайтын ақпарат құралдарына заң негізде шектеу қою, жарнамаларды қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға ынталандыратын тетіктерді қарастыру қажет деп санайды. Осыған орай ҚазАқпарат өз оқырмандарының назарына саясаттанушының пікірін ұсынады.