Сыр өңірі жыл соңына дейін Ақтөбе облысына 11 мың тонна азық-түлік жеткізбек
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда мен Ақтөбе облыстары арасындағы аймақаралық байланыс биылғы жылдың наурыз айынан басталды десе болады. Мемлекет басшысының өңіраралық кооперацияны дамыту туралы бастамасын алғашқылардың бірі болып қолға алған қос облыстың әкімдері осы уақытқа дейін бірқатар істерге ұйытқы болды, - деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.