Алматыда ТМД елдерінің педиатрлары балалардың денсаулығын қорғауды жетілдіру мәселелерін талқылауда
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аймақтардағы педиатрлардың, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс қызметкерлерінің, Қазақстан, Ресей және өзге де ТМД елдерінің әртүрлі салаларындағы жетекші мамандардың қатысуымен ҚР Балалар дәрігерлерінің VIII съезі басталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.