Ұлттық банктің алтын қоры жыл басынан бері 12,7 пайызға артты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қыркүйек айының соңындағы алдын ала жасалған мәлімет бойынша Ұлттық банктің алтын қоры 2,3 пайызға артып, 31,4 млрд долларды құрады. Жалпы, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 12,7 пайызға артып, 3,5 млрд доллар болды, деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев базалық ставка туралы шешімді жариялау барысында.