ОҚО-да ауыл әкімдері 100 млн. теңгеден астам қаржы жымқырды деп айыпталуда
![ОҚО-да ауыл әкімдері 100 млн. теңгеден астам қаржы жымқырды деп айыпталуда](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160905155346.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы бойынша «Балапан» бағдарламасы және «2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 100 млн. теңгеден асатын бюджеттік қаражатты жымқыру фактілерін анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.