Геннадий Головкинге спорттағы еңбегі үшін ХОК төсбелгісі табысталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитеті Геннадий Головкиннің спортқа сіңірген еңбегі мен әлем спортында қалдырған мұрасын мойындайды. Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Геннадий Головкинге осыған байланысты олимпиадалық айырым төсбелгісін жолдады.