Ауыр атлеттерді шеттету туралы IWF шешімін Қазақстан, Ресей және Беларусь бірлесіп даулайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық төрелік сотында (CAS) Қазақстан, Ресей және Беларусь ауыр атлетика федерациялары ауыр атлеттерін шеттету жөніндегі халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) шешіміне дауласады, олардың талап-шағымы бірге қаралады, деп мәлімдеді Ресей ауыр атлетика федерациясының президенті Сергей Сырцов. Бұл туралы Р-Спорт хабарлады.