Астанада 2016 жылы 30 шақырымнан астам жол жөнделеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жалпы ұзындығы 33,87 шақырымды құрайтын 39 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі кезде 20 көше - 16,6 шақырым жол қалпына келтірілді, 4 көше - 2,01 шақырым жол жөнделіп жатыр, деп хабарлады қала әкімінің ресми сайты.