Алматыда атыс салдарынан зардап шеккендердің бірі есін жиды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 18 шілде күні болған атыс салдарынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде. Ал, жансақтау бөліміне түскен 4 адамның бірі есін жиды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.