Медициналық сақтандыру: Мақсат - адам денсаулығына мұқият қарау мүмкіндігін арттыру
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлт Жоспарында қойылған басты міндеттердің бірі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМС) енгізу болатын, 100 нақты қадамның 80-ші қадамында оның мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатыны айқын көрсетілген. Яғни, осы үш тұғыр жауапкершілікті тең көтермек. Тоқетерін айтқанда, МӘМС дәл осы қағидат негізінде орнықпақ. Сондай-ақ, жаңа жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмекті бірінші кезекте қаржыландыруға басымдық бермек. Ендеше, өңірде бұл істің жай-күйі қандай деңгейде? Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Ирменовпен әңгіме осындай бағытта өрбіді.