Астанада көшпенділер өркениеті фестивалі ашылды
![Астанада көшпенділер өркениеті фестивалі ашылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160703204834.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін шымылдығын ашқан «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарын көшпенділер өркениетімен таныстырады. Аталған шара Астанада 9 жыл қатарынан өткізіліп келеді, оған 300-ге жуық әртіс қатысады. Мұнда өткен заманда киген киімдерді, декорацияларды, қолөнер шеберлерін және шабандоздарды көруге болады.