Мәдениет және спорт министрі журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай министр журналистерге алғыс хат пен құрмет грамоталарын табыстады, сондай-ақ, бағалы сыйлықтар табыс етті.