Субсидияға қатысты қағида жыл соңына дейін өзгермейді - А.Мырзахметов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Субсидияға қатысты ескі қағидалар жыл соңына дейін өзгермейді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Алматы облысындағы есептік кездесуінде мәлім етті. Есептік кездесуге республиканың облыстық және аудандық әкімдіктері бейне конференция байланысы режиміне қосыла отырып, қоғам өкілдері де қатысты.