Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ТМД қатысушы мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы бойынша XXVI отырысы өтті. Шара барысында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина денсаулық сақтау министрлігі мен ұйымдарының өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі мен медицина ғылымы салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.