Жаңа үкіметаралық комиссия Каспий теңізінде бекіре балықтарын аулауға мораторий тетіктерін даярлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа үкіметаралық комиссия Каспий теңізінде коммерциялық негізде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий тетіктерін даярлайды. Бұл туралы бүгін Каспий теңізінің су биологиялық ресурстары жөніндегі комиссияның 36-шы отырысы барысында Әзербайжанның экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Рауф Гаджиев мәлім етті.