«Қазақстан барысы-2016» жарысының жеңімпазы 25 млн теңге мен пәтер иеленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан барысы» республикалық жарысының биылғы жеңімпазы 25 млн теңге, жеңіл автокөлік пен Астанадан пәтер иеленеді. Бұл туралы бүгін қазақ күресі бойынша «Қазақстан барысы-2016» республикалық турниріне арналған баспасөз мәслихатында «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы, қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев мәлім етті.