Оңтүстік Қазақстан облысында бес айда 100 млрд теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ауыл шаруашылығы саласына көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында Оңтүстік Қазақстанда осы жылдың 5 айында жалпы ауыл шаруашылық өнім көлемі 99,9 млрд.теңгеге жетті. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 25,6 млрд.теңгеге артық, деп хабарлады ОҚО әкімнің баспасөз қызметінен.