ҚР Ұлттық банкі «Көркем гимнастика. Олимпиада ойындары 2016» ескерткіш монетасын шығарды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2016 жылғы 24 мамырдан бастап «proof» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Көркем гимнастика. Олимпиада ойындары 2016» ескерткіш күміс монетасы айналымға шығарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.