Жер комиссиясының келесі отырысында шетелдікке жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады - Б. Сағынтаев (ФОТОРЕПОРТАЖ)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның келесі отырысында шетелдіктерге жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өткен Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.