Қазақстанда 4 айда бір мыңға жуық әскери оқу-жаттығу өткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде биыл негізгі күш-жігер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке құрамның дағдысын, іс-қимылдарын шыңдауға, әскери қызметшілердің дене даярлығын арттыру және басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.